Филиппин рохиньялық босқындарға шекарасын ашты
Филиппин рохиньялық босқындарға шекарасын ашты
2 жыл бұрын 573

Филиппин билігі өз еліндегі буддашыл радикалдардан теперіш көріп, бас сауғалаған рохиньялық босқын мұсылмандарға шекарасын ашатынын мәлімдеді. Мьянма мен Бангладеште азшылықты құрайтын, буддашыл радикалдардың қуғын-сүргініне ұшыраған рохиньялық мұсылмандарды паналатуды Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындарды қорғау туралы құжатына сәйкес осындай шешім қабылдағандарын жеткізді. Осыдан біраз күн бұрын 2 мыңнан асатын рохиньялық босқын мұсылманды Тайланд, Малайзия және Индонезия елдері қабылдамай, кеуделерінен кері итерген болатын.  

0 пікір