Фатих Мехмет Сұлтанды сәлдесіз түсірген фильм дауға қалғалы тұр
Фатих Мехмет Сұлтанды сәлдесіз түсірген фильм дауға қалғалы тұр
10 жыл бұрын 4117

Күзде Түркияда көрсетілімге шыққалы жатқан америкалық «Dracula Untold» фильмі дауға қалғалы тұр. Фильм Валахия (Румыния) князы Влад ІІІ Басараб жайында. Кезінде Османлы мемлекетіне қарсы соғысып, «Влад Дракула» (дракула румынша «айдаһардың баласы» деген мағына береді) деген лақапқа ие болған. Фильмнің сюжеті Влад Дракуланың Османлы Падишаһы, Константинопольді алған, Пайғамбарымыздың сүйіншісі нәсіп болған Фатих Мехмет Сұлтанға қарсы соғысы желісінде өрбиді. Әрине, фильмді Влад ІІІ Басарабтың мүддесіне қарай түсірген. Десек те, түрік бауырларымыздың арасында фильмнің көрсетілімі басталмастан наразылық бой көрсетуде. Себебі, Фатих Мехмет Сұлтанның образы мен сырт көрінісі тарихтағыға ұқсамайды. «Басында не сәлдесі жоқ, үстінде не түріктің ұлттық киімі жоқ. Қысқасы еуропалық патшалардың бірі секілді. Фильмнің үзіндісіне қарасақ, тағы бір дауға «кандидат» болғалы тұр» деп жазады «Сабах» газеті.

0 пікір
Мұрағат