Фашистер суға батырған қазына табылды
Фашистер суға батырған қазына табылды
9 жыл бұрын 5525

Британияның «Deep Ocean Search» тобы жетекшілік еткен француздардың океанологтары Атлант мұхитының түбінен шамамен 50 млн долларға бағаланған күміс тиындарды тапты. Бұл жайында «MailOnline» ақпарат көзі хабар таратты. Бұл қазына  1942 жылы фашистердің сүңгіуір қайығы суға батырған британиялық «City of Cairo» кемесінен табылды. Аталмыш кеме Бомбейден Англияға 100 тонна күміс тиындарды алып бара жатқан жерінде суға батқан.

 

2011 жылға дейін бұл кеме хабар-ошарсыз кеткен кемелердің санатында болған. Оны «Deep Ocean Search» командасы тапты. Кеме 5150 метр тереңдікте табылды.

0 пікір
Мұрағат