Еуропарламентке мұсылман әйел кандидаттығын ұсынды
Еуропарламентке мұсылман әйел кандидаттығын ұсынды
10 жыл бұрын 3393 Анна Стамоу

Грекияның мұсылман ақ жаулықтысы Еуропарламент сайлауына кандидаттығын ұсынды. Ол діни мәртебесі төмен жандардың құқығын қорғау үшін күресетінін жеткізді.

«Мені Еурорпаның «жасылдар» партиясының құрамына кіретін гректердің «жасылдар» партиясы ұсынды», - деді Анна Стамоу есімді мұсылман әйелі.

«Егер сайлауда жеңіп, Еуропарламентке депутат болсам, мұсылмандардың теңдігі үшін оларды кемісутіге қарсы күресемін»,- деп мәлімдеді ол.

Еуропарламент сайлауы мамыр айының 25-і күні өтеді. Егер Анна Стамоу осы сайлауда жеңіп шықса, ол осынау мәртебелі мінбердің алғашқы мұсылман депутаты болайын деп тұр.

Анна Стамоу саясатпен орда бұзар отыз жасында айналыса бастады. Ол Грекияның мұсылмандар қауымдастығының пиар-менеджері болып жұмыс істейді.



0 пікір
Мұрағат