Еуропалық азамат мұсылман елінде 100-ден аса жетімге қамқор болып отыр (видео – орыс тілінде)
Еуропалық азамат мұсылман елінде 100-ден аса жетімге қамқор болып отыр (видео – орыс тілінде)
4 жыл бұрын 1746 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Орыс тілінде хабар тарататын islamnews.ru дейтін ислами портал Хансджюрг Хабер (Hansjörg Huber) есімді Швейцарияның Цюрих қаласының тумасы туралы жазыпты. Бүгінде егде тартқан еуропалық азамат осыдан он жыл бұрын Мароккоға қоныс аударып, өз қалтасынан қаражат шығарып, мектебі мен мешіті бар ауыл тұрғызған екен. Жаңа баспаналарға 100-ден аса мароккалық жетімдерді кіргізген. Хансджюрг Хаберге зайыбы көмектесіп, игі істің ұйытқысы болған. Аталған елдің келтірген ресми дерегіне қарағанда, Мароккада 10 мыңнан аса ата-анасы тастап кеткен жетім бала бар. Осыған байланысты Хансджюрг Хабер осынау қайырымдылық жобасын кеңейтуге бел байлап отыр. Дәлірегі, жетімдерді паналататын тағы бір ауыл құрылысын бастамақшы.

 

0 пікір
Мұрағат