Еуропаға барғысы келетіндер назарына: кәрі құрлықты індет жайлап барады
Еуропаға барғысы келетіндер назарына: кәрі құрлықты індет жайлап барады
7 жыл бұрын 3634 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кәрі құрлықты індет жайлап барады: қызылша індеті Еуропаның 14 елін шарпып, шапшаң жайылып барады. Тіпті, бұл індетті жұқтырған адамның қаза тапқаны да тіркелді. Індетті Еуропаға Таяу Шығыс пен Африка құрлығының солтүстігінен ағылған босқындар ала келген. Дер кезінде екпе алмаған еуропалықтар енді баудай түсіп жатыр. Белгияның 4 бірдей провинциясы індет ошағына айналып үлгерген. Егер осыдан жеті жыл бұрын бүкіл ел аумағында бар-жоғы 40 адам бұл індетті жұқтырған болса, бүгінгі таңда қызылша дертіне 300-ге тарта адам шалдыққан. Олардың 40-ы дәрігерлердің өзі. Олар пациенттерді тексерген кезде жұқтырып алған. Айта кетейік, бұл індет өте жұқпалы келеді, ол тыныс алу жолдары арқылы жұғады. Белгілері: ауру жұқтырған адамның асқа тәбеті қашады, тез шаршайды, сүлесоқ , дене қызуы 40°-тан асады, жанарынан жас парлайды, мұрнынан су тоқтамай жөтеле береді. Біршама уақыттан соң адам денесіне бөрткен қаптайды. Ежелден белгілі ауру болса да емі табылмаған. Тек алдын алуға болады. Екпе жасатып. "Елдегі екппе жасату кем дегенде халықтың 95%-ын қамтуы керек. Алғашқы екпені 12-14 айлығында жасатады, бұл жаста екпе жасатуда проблема жоқ. Ал қайталап екпе жасату үшін 11-12 жасында ескерту айтылады. Тек 75%-ы ғана кеңесімізге құлақ асады",- деді педиатр Катя Зильберберг. Белгияда екпе жасатудан ел тұрғындарының 14%-ы бас тартқан. Түрлі себептермен. Негізгісі, екпе жасату төңірегінде тараған алып-қашты әңгімелерге сеніп қалады. Ал Италия мен Румынияда халықтың шамамен 20%-ы екпе жасатудан бас тартқан. Ал Францияда бұл көрсеткіш 40 пайыздан асып жығылады. Айта кетейік, қызылшаға қарсы екпені ойлап тапқанша, яғни, 1980-ші жылға дейін осы дерттен жыл сайын 2 млн 600 мың адам көз жұмып отырған. 2015 жылы салыстырмалы түрде 134 мың 200 адам ғана аталған дерттен бақилық болып отырады екен. Олардың денін әлі иммунитеті қалыптасып үлгермеген 5 жасқа дейінгі балалар. Жарты жылдың ішінже Румыниядан осы дерттен 22 адам қаза болған. Қызылша Еуропаның 14 елін шарпып үлгерген: Австрия, Болгария, Чехия, Венгрия, Франция, Германия, Швеция, Италия, Португалия, Исландия, Испания, Швейцария.

1 пікір
Мұрағат