Еуроодақтың зерттеуі қандай нәтиже көрсетті?
Еуроодақтың зерттеуі қандай нәтиже көрсетті?
10 жыл бұрын 2891

«Еуробарометр» әлеуметтік қызметі Еуропалық одақтың тапсырысы бойынша халықтың билік орындарына қаншалықты сенетінін анықтады. Зерттеуде Еуропа елдері мен Түркия мемлекеті қамтылған. Сауалнама нәтижесінен белгілі болғандай, түріктердің 52 пайызы ел үкіметіне сенетінін білдірген. Өткен жылдың күз мезгілінде сенім деңгейі 36 пайызды құраған болатын. Бұл арада сауалнамаға тартылған тұрғындардың 4 пайызы сауалды жауапсыз қалдырған еді. Ал Еуропалық одақтың институттарына сенім көрсеткіші 1997 жылдан бері күрт төмен түсіп кеткен. ЕО азаматтарының тек үштен бірі ғана Еуропалық одақтың билік тармақтарына сенім артатын болып шықты. Ал ұлттық үкіметке сенім көрсеткіші 27 пайызға көтерілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға артқанын айғақтайды.Ұлттық парламентке сенім көрсеткіші 28 пайызға көтерілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға артық. Тағы бір дерек, ЕО-ға кіруді түріктердің 37 пайызы қолдап отыр.

0 пікір
Мұрағат