Еуроодақ тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға шақырды
|
Еуродақтың дипломатиялық миссиясының жаңа басшысы Федерика Могерини тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға шақырды. «Біз Палестина мемлекетін құруымыз керек. Бұл негізгі мұрат. Еуродаққа мүше барлық елдің ұстанымы осындай»,- деді ол Газа секторына ресми сапарында. Бұл жайында ArabNews ақпарат көзі хабар таратты. «Тек Газа халқы ғана емес, сонымен қатар, бүкіл әлем төртінші соғысты қаламайды. Біз қол қусырып күтіп отыра алмаймыз. Егер бұлай етсек мұның бәрі тағы 40 жылға созылады. Біз қазірден бастап әрекет етуіміз керек»,- деп мәлімдеді артынша.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді