Есірткіні Құран ішіне салып өтпек болған
Есірткіні Құран ішіне салып өтпек болған
2 жыл бұрын 1220

Дубайдың халықаралық әуежайында Хумейд Махер есімді кедендік инспектор мен оның әріптесі № 3 терминалда жолаушының қол жүгін тексеру барысында қасиетті Құранның арасына жасырған есірткіні тауып алды. Пәкістаннан келген 30 жастағы жолаушыға тиесілі бес чемодандағы мұсылмандар үшін қасиетті кітаптардың арасына жасырған пакеттерден 24 келі есірткіні тәркіледі. Есірткіні шекарадан, кеден бекеттерінен өткізу үшін адамдардың түрлі қитұрқы әрекеттерге барып жататыны белгілі. Алайда, есірткіні қасиетті Құранның арасына жасырып алып өтпекші болған оқиға бірінші рет тіркеліп отыр.

0 пікір