Есірткі саудагерлерін террористерге теңестіруі мүмкін
Есірткі саудагерлерін террористерге теңестіруі мүмкін
5 жыл бұрын 2092 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі мексикалық есірткі саудагерлерін шетелдік террористік топ ретінде тану мәселесін қарастырып жатыр. Бұл жайында Ақ үй қожайыны Дональд Трамп Breitbart ақпарат көзіне берген сұхбатында мәлім етті. АҚШ президенті осылай дей келе бұл шешімнің экономикалық жағы да, психологиялық жағы да барын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда есірткі картелдерінің лаңкестік топқа айналғанын тілге тиек етті. "Мексика, өкінішке қарай, картелдерді жүгендей алмай қалды",- деді артынша. Есірткі картелдері бір жыл ішінде 42 мың адамды жер жастандырған. 

0 пікір
Мұрағат