Ерлердің ерекше шаш үлгісіне тыйым салынды
|
Иран билігі көзге ерсі көрінетін, бір қарағанда не әйел екенін, не еркек екенін ажыратып болмайтын, жастар арасында сәнге айналған ерекше өрескел шаш үлгілеріне тыйым салды. Бұл жайында «Интерфакс» ақпарат көзі хабар таратты. «Ендігі жерде шайтани шаш үлгілерін қоюға болмайды»,- деді бұл ақпаратты растаған Иранның ерлер шаштаразы қауымдастығының жетекшісі Мұстафа Гобаһи. Алайда, нақты қандай шаш үлгісі екенін айтпады. Ол сөз арасында шашты төбеге шошайта үйіп қоятын сән үлгісін қолданған шаштараздың лицензиясынан айырылатынын да ескертті. Сондай-ақ, ер-азаматтардың соляриге баруына, қас жұлдыруына, татуировкаға (тәніне сурет салдыруға) тыйым салынды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды