«Ерлер қозғалысының» белсенділігі артып келеді
«Ерлер қозғалысының» белсенділігі артып келеді
27 күн бұрын 482 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей аумағында бүгінде «Ерлер қозғалысы» деп аталатын веб-сайттардың белсенділігі артып келеді. Әлеуметтік желілерде. Мақсаты ерлер құқығын қорғауға саяды. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, отбасы мәселелерінде, ажырасу, некелесу процедураларында, сотта, т.б. ерлер құқығын қорғаумен айналысады. Әдетте, сот шешімі әйелдердің пайдасына шешіліп жатады. Әйелдердің әлсіздігі мен балаларға жақындығы ескеріліп. Бұл арада ер-азаматтардың құқығы кемсітушілікке ұшырап жатады. Бірден айта кетейік, РФ-дағы «Ерлер қозғалысы» өзін қоғамдық бірлестік ретінде таныстырып жүр. Ерлерге қатысты қандай да бір құқықтық кемсітушіліктің алдын алу үшін. «Біз әйелдерге қарсы күреспейміз – біз ерлер құқығы үшін күресеміз!» деп айтылған аталған топтың «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Аталған парақшаның 26 мыңға тарта жазылушысы бар. Ер-азаматтарға қатысты тек құқықтық емес, әлеуметтік-мәдени аспектіде қандай да бір кемсітушілікке қарсы тұратынын жеткізді аталмыш қозғалыстың белсендісі. Мәселен, ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда баланы анасына қалдыру, әкесіне алимент төлетіп қоймай, баласымен көрісуге тыйым салу, т.б. отбасылық мәселелерде әйелдердің жолы болып жатады. Өйткені, заң әйелдерге икемделген. Мәселен, әкесімен көрісуге балаларына тыйым салса, анасына да заң бойынша белгілі бір жауапкершілік қарастыру керек, бұдан бөлек, әйелдер ерлерге қарағанда ұзақ өмір сүрсе де зейнетке ерте шығады. Бұл да ерлердің құқығын кемсітушілік болып табылады. Көптеген елдердің конституциясында жазылғандай, адамдарды жынысына, нәсіліне, түрі мен түсіне, діни сеніміне, т.б. байланысты бөліп алалауға тыйым салынғанына қарамастан ер-азаматтар басындағы жағдайға қарап, конституцияда көрсетілген бұл баптың қағаз жүзінде қалғанына көзіңіз жетеді. 

0 пікір
Мұрағат