Ерлер мен әйелдерге мотоциклмен бірге жүруіне тыйым салынды
Ерлер мен әйелдерге мотоциклмен бірге жүруіне тыйым салынды
9 жыл бұрын 2893

Индонезияның Ачех провинцииясында бөріктілер мен ақ жаулықтыларды жүргізушілікке бөлек оқытуды қарасыратын заң қабылданды. Бұған қоса, аталмыш аймақта ерлер мен әйелдерге мотоциклмен бірге жүруіне тыйым салынбақшы. Бұл шаралардың  бәрі дәстүрлі ислам ережесімен сәйкес келетінін алға тартып отыр осы провинцияның мәслихат мүшесі  Фаузан Хамза (Fauzan Hamzah). Бұл тәжірибе әзірге аталған провинцияда қолданылып көреді. Кейін өзге провинцияларда да жүзеге асырылатын болады. Сөз реті келгенде айта кетейік, 2013 жылы Индонезияда әйелдердің мотоциклді жүргізуіне және онда отыруына (тек бүйіріндегі орынғаа ғана болмаса) заң жүзінде тыйым салынғанымен, бұл ережені ешкім сақтай бермейді. Осыны ескерген шенеуніктер әйелдер мен ерлердің бірге отыруына тыйым салумен ғана шектелді.

0 пікір
Мұрағат