Ерекше, қауіпті қару сынақтан өтті (видео)
Ерекше, қауіпті қару сынақтан өтті (видео)
5 жыл бұрын 2344 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресейдің әскери хабар тарататын "Звезда" телеарнасы жаңа қарудың қалай сынақтан өткенін жариялапты. Жаудың галлюцинациясын тудыратын қару Фин шығанағында сынақтан өткізілген. Бірден айта кету керек, бұл  әлем әлі көрмеген мүлде ерекше қару. "Филин" визуалды-оптикалық стансасы қарсыласты көру қабілетінен уақытша айырады. Түн  немесе іңір қараңғылығында ол түнгі өру құрылғысын, бес шақырымға дейін ұшатын, қолдан басқарылатын танкке қарсы зымыран жүйесін, т.б. залалсыздандырады. Көзді қарықтыратын жарығымен ерекшеленеді. Өз еркімен сынаққа қатысқандардың айтуынша, аталмыш қару қолданылғаннан кейін көз алдында дақтар пайда болып, бастары айналған әрі жүрегі айныған. Кеңістікті бағдарлау қабілетінен айырылған. Ақпан айында хабарланғандай, "Филин" стансасы "Адмирал флота Советского Союза Горшков" және "Адмирал флота Касатонов" фрегатына орналастырылған. 

 

0 пікір
Мұрағат