ЕО Израилге ескерту жасады
ЕО Израилге ескерту жасады
2 жыл бұрын 1071

Еурокомиссияның төрағасы Жозе Мануэл Баррозу Тель-Авивке Палестина аумағына жөйттерді қоныстандыратын болса, Еуропалық одақтың Израилмен арадағы ынтымақтастықты үзетінін ескертті. Еурокомиссия төрағасының сөзіне қарағанда, Израил билігінің Палестина аумағына жөйттерді қоныстандыру саясаты Еуропалық одақтың негізгі құндылықтары мен қағидаларына қайшы келеді. Сондай-ақ, ол Еуропалық одақтың Израил билігінің Палестина жетекшілерімен келіссөзді жалғастыруына мүдделі екенін жеткізді.

0 пікір