Енді он шақты жылдан соң халқының саны қытайлардан асып түсетін ел белгілі болды
Енді он шақты жылдан соң халқының саны қытайлардан асып түсетін ел белгілі болды
22 күн бұрын 292 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2027 жылға қарай Үндістан халқының саны жағынан қытайларды артқа тастайды. Дәлірегі, Қытай халқының саны бұл аралықта шамамен 400 млн адамға кемиді. Нақтырақ айтқанда, Үндістан халқының саны аталған жылы 1,491 млрд адамға жетеді, Қытай халқының саны 1,479 млрд адамды құрамақ. Бұдан бөлек, кәрі құрлықты мекендегендердің саны 2100 жылға дейін 120 млн адамға азаяды. Яғни, қазіргі 750 млн адамнан аталған жылы 630 млн адамға дейін азаяды. Бір ғана Италияда 20 млн адам кемиді, ал Германияда 9 млн адамға азаяды. Десе де еуропалық елдердің бәрінде бірдей демографиялық апат орын алмайды. Мәселен, ұлыбританиялық тұрғындар қарасы 10 млн адамға көбейеді. Сонымен қатар, Норвегия, Швеция, Швейцария және Ирландия халқының саны артады. Үндістан халқының саны жағынан 2027 жылы Қытайды артқа тастап, 2060 жылы өзінің шарықтау шегіне жетеді. 2100 жылы Қытай халқының саны 375 млн адамға кемімек.  Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірген мәлімет бойынша 2050 жылы әлем тұрғындарының қарасы 9,7 млрд адамға жетіп, 2100 ылы 11 млрд-ты құрамақ. Халқының саны бойынша көш бастайтын елдер (БҰҰ нұсқасы бойынша) қатарында Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Пәкістан, Бразилия, Нигерия, Бангладеш, Ресей және Мексика бар. 2020 жылы осы ондықтың құрамы өзгеріссіз қалмақ. Тек 2100 жылы ішінара өзгерістер орын алмақ: Үндістан, Қытай, Нигерия, АҚШ, Пәкістан, Конго, Индонезия, Эфиопия, Танзания және Мысыр. Биыл, яғни, 2019 жылы орташа бала туу көрсеткіші әлем бойынша бір әйелге шаққанда 2,5 баладан келмек, бұл көрсеткіш 1990 жылы бір әйелге шаққанда 3,2 баладан айналған болатын. БҰҰ дерегіне қарағанда, бұл көрсеткіш 2050 жылы бір әйелге шаққанда 2,2 баладан келмек. БҰҰ бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселерге жауапты орынбасары Лю Чжэньминнің айтуынша, әлемдегі экономикасы сын көтермейтін кедей елдерде халық саны өседі. Бұл өз кезегінде аталған елдердегі әлеуметтік теңсіздікті арттырып, азық-түлік және су тапшылығын тудырмақ, бұған қоса, денсаулық сақтау саласы мен білім беру саласындағы ахуалды нашарлатады.

0 пікір
Мұрағат