Енді бір он жылдан соң әлемде балалардың 40%-ы білім алу мүмкіндігінен айырылады
Енді бір он жылдан соң әлемде балалардың 40%-ы білім алу мүмкіндігінен айырылады
1 ай бұрын 284 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2030 жылға қарай әлем бойынша 6 жастан 17 жасқа дейінгі әрбір алтыншы бала білім алу мүмкіндігінен айырылады. Яғни, әлемдегі балалардың шамамен 40%-ы орта білім ала алмайтын болады. Бұл көрсеткішті Африка құрлығындағы елдерге, дәлірегі, Сахара шөлінен оңтүстікке қарай жайғасқан елдерге шаққанда 50%-ды құрайтын болады. Бұл жайында ЮНЕСКО мамандары мәлім етті. Дәлірегі, Біріккен Ұлттар Ұйымының мәдениет және білім беру агенттігі (ЮНЕСКО) жасаған баяндамада келтірілген дерекке қарағанда, күллі әлемдегі ең кедей 20% тұрғынның тек 4%-ы ғана орта білім ала алатын болады, ал бұл көрсеткіш ең бай мемлекеттерде 36%-ы құрайтын болады. Бұған ең алдымен білім беру саласындағы мұғалімдердің жетіспеушілігі мен білім беру саласына бөлінетін қаржының аздығы себеп болмақ. Ал соның ішінде білім беру мүмкіндігінен қағылған елдер арасында нигериялық балалардың қарасы қалың. Қазірдің өзінде аталған елде кем дегенде 10 млн бала мектепке бармайды. Лардың дені қыз балалар. Бұл жайында ВВС Africa ақпарат көзі хабарлады. Нигерияда балалардың білім алуы заңмен міндеттелсе де миллиондаған бала көше кезіп, қайыр сұрап жүр немесе ересектерге тән ауыр жұмысқа жегілген. Нигериядағы бастауыш білім тегін болғанымен соның өзіне баруға жағдайы келмейтіндер қарасы көп. Ата-аналар жол шығынын, мектеп формасын, оқулықтарды, т.б. алып беруге шамасы келмейді.

0 пікір
Мұрағат