Емтиханда көшіргені үшін 300 адам тұтқындалды
|
Үндістанның Бихар штатында мектептегі емтиханда көшіргені үшін 300 оқушы тұтқындалды. 750 оқушы оқудан шығарылды. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты. Әлеуметтік желілерде емтихан тапсырып жатқан мектеп түлектерінің туыстары мен таныстарының жауап жазылған парақтар мен шпаргалкаларды беру үшін мектеп ғимаратына қалай өрмелегінін көрсететін фотосуреттер пайда болды. Ал Deccan Herald ақпарат көзінің дерегіне қарағанда тәртіп сақшылары оларды бұл әрекетінен тыю үшін бірнеше рет аспанға қарата оқ атқан екен. BBC News ақпарат көзінің хабарлауынша, Үндістанда емтихан – адам тағдырына, оның болашағына елеулі әсер ететін айтулы оқиғалардың бірі саналады. Яғни, болашақта жетістікке қол жеткізудің алғашқы баспалдағы ретінде қарастырады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды