Экономиканы қазба байлық емес, технология алға сүйрейді
Экономиканы қазба байлық емес, технология алға сүйрейді
5 жыл бұрын 3466 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұрындары әлем экономикасына жаңа ашылып жатқан кен орындары серпін беріп жататын. Қазіргі уақытта оның орнын технология мен инновация алмастырып отыр. Бір немесе одан да көп адамның қатысуымен іске қосылған технологиялық стартап уақыт өте келе табысы бірнеше миллиардпен өлшенетін компанияға айналып, тұтас экономиканың өне бойына қан жүгрітіп жатады. Бұл жайында Асад Жамалдың Project Syndicate мерзімді басылымында жарияланған мақаласында айтылған.Өкінішке қарай, бүгінгі таңда мұсылман елдері осы заманғы технологияны игеруде көп кейін қалып қойған. Әлем қауымдастығы жатпай-тұрмай технологияны өркениет игілігіне айналдыруға ұмтылып жатқанда мұсылман елдері әлі күнге бейқамдық танытуда. Көштен қалмасы үшін осы заманғы технологияны игеруді басты стратегиялық мақсаты етіп қойып жатқандары бар. Олардың қарасы некен-саяқ.Мәселен, Пәкістан экономикасын алайықшы. Естеріңізде болса, осыдан 23 күн бұрын «Пәкістанды кедейлік тұншықтырып барады» деген тақырыппен хабар таратыппыз. Кедейліктен көз ашпаған аталмыш ел технологияны игерсе, экономикалық әлеуеті орасан зор. Бұл елде шамамен 130 млн жас бар. Пәкістан технология саласында кезінде стартап индустриясы шағын Қытайдан үлгі алса болады. Айналдырған ширек ғасырға жетпей 800 млн-ға тарта адамды кедейлік қамытынын шығарды. Осы заманғы технология мен сауатты жүргізілген экономикалық реформа арқылы. Қазіргі уақытта Қытай аумағында әлемдегі санаулы, дәлірегі, Alibaba, Apple секілді әлемге әйгілі 20 цифрлы компанияның оны жұмыс істеп жатыр. Пәкістанның қазіргі күйін осыдан ширек ғасыр бұрынғы Қытайды еске түсіреді. Олай дейтініз, Пәкістан экономикасы ауыл шаруашылығына, өнеркәсіп секторына, тоқыма өнеркәсібіне, тыңайтқыш және цемент өндірісіне негізделген. Пәкістанның қор биржасына тіркелген 559 компанияның нарықтық бағасы бар-жоғы 60 млрд доллардан аспайды. Бұл осы заманғы технологияны дамытумен шұғылданатын 100 компанияға тең. Төртінші өнеркәсіп революциясы жасанды интеллектімен тығыз байланысты болғандықтан Пәкістан билігі радикалды шараларды қолға алуы тиіс. Ол үшін жастар әлеуетін тиімді пайдалануы керек. Бір жақсысы, технологиялық стартаптарға кететін шығын мөлшері көп емес. Әдеттегі өнеркәсіп фирмаларына жұмсалатын шығынмен салыстырғанда. Осыны ұтымды пайдалануы тиіс. Мәселен, өнерксіптік фирмалардың капиталы бірнеше млн долларға ие болуы керек, жұмысы алға басуы үшін. Бұдан бөлек, өндірістік құрал-жабдық пен керек-жарағы тағы бар. Банктен несие алатындай жағдайы болуы тиіс, т.б. Осылай тізіліп кете береді. Ал технологиялық стартап үшін компьютер мен азын*аулық қаржы және креативті ойлай алатын команда керек.   

0 пікір
Мұрағат