Экономикалық қысым салдарынан Йемен халқының үштен бірі аштан қырылуы мүмкін
Экономикалық қысым салдарынан Йемен халқының үштен бірі аштан қырылуы мүмкін
6 жыл бұрын 2551 bag.kz

БҰҰ-да Сауд Арабия басқаратын коалиция барлық әуе және теңіз айлағын жауып тастағанын хабарлады. Оның салдарынан жанармай, азық-түлік және дәрі-дәрмектерді жеткізу қысқарды. Бұл туралы «Росбалт» порталы жазды. 

«8,4 млн йемендіктің өмірі гуманитарлық операцияларға, азық-түліктерді, ауыз суды, медициналық көмекті жеткізуге және тұрғынжайға тәуелді», - деп хабарлады халықаралық ұйым өкілдері.

Йеменде 7 млн-ға жуық адам гуманитарлық көмекке мәжбүр. Ал, 400 мың бала аштықпен күресіп жатыр.

0 пікір
Мұрағат