Эфиопия мұсылмандары тарихи маңызы зор жеңіске қол жеткізді
Эфиопия мұсылмандары тарихи маңызы зор жеңіске қол жеткізді
4 жыл бұрын 1715 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Эфиопиялық мұсылмандар жамағаты 60 жылдан соң тарихи маңызы зор жеңіске қол жеткізді. Ұзақ уақытқа созылған табандылықпен жүргізілген күрес зая кеткен жоқ – Эфиопия билігі елдің жоғарғы мұсылман кеңесін ресми түрде мойындады. Бұдан былай ел аумағындағы мұсылмандардың құқықтарымен санасатын болады. Бұл жайында Mtanzania мерзімді басылысы аталған елдің билігіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Сарапшылардың айтуынша, Аддис-Абеб үкіметінің осынау тарихи қадамы өз кезегінде елдегі мұсылмандар басындағы пробеламаларды шешуге көмектеседі. Эфиопия  премьер-министрі Абия Ахмет әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, министрлер кеңесі Жоғарғы мұсылмандар кеңесінің ресми мәртебесін мойындайтын заңды бірауыздан қабылдаған. Осылайша аталған елдің жоғарғы мұсылмандар кеңесі ресми түрде діни институтке айналды. Яғни, елдегі мұсылмандар ісінін жүргізетін заңды құқыққа ие болып, мұсылмандардың мүддесін қорғайтын қандай да бір ұйым ашуға құзырет алды.

0 пікір
Мұрағат