Эбола вирусын 20 000 адам жұқтыруы мүмкін
Эбола вирусын 20 000 адам жұқтыруы мүмкін
2 жыл бұрын 875

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне қарағанда, індет ошағы Африка құрлығының батысында пайда болған Эбола безгегін алдағы уақытта 20 000 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Бұл көрсеткіш бүгінгі мәліметпен салыстырғанда алты есе көп. Либерияда,  Сьерра-Леонда, Гвинеяда және Нигерияда өршіп тұрған аталмыш дерттен осы уақытқа дейін 1552 адам көз жұмған. Эбола безгегін жұқтырғандардың қарасы соңғы үш аптада 40 пайызды құраған.  Яғни, аса қатерлі вирус күннен күнге қарқын алып, қанатын кеңге жайып келеді. Жаңа жоспарға сәйкес осынау індетті жырты жылдың ішінде немесе ары кеткенде 9 айдың ішінде ауыздау қарастырылуда. Бұл мақсатта 489 млн қаражат қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, бұл дертпен күресу үшін 750 халықаралық және 12000 жергілікті жұмысшы күші қажет көрінеді.

0 пікір