Эбола безгегін жұқтырған дәрігер жазылып кетті
Эбола безгегін жұқтырған дәрігер жазылып кетті
10 жыл бұрын 2925

Африканың батысында өршіп тұрған Эбола безгегімен күресуді алдына міндет етіп қойған гуманитарлық Samaritans Purse ұйымының құрамында жұмыс істейтін Кент Брэнтли есімді америкалық ақ халатты абзал жанның аса қауіпті аурумен күресемін деп жүріп, емі табылмаған вирусты өзінің де жұқтырып алғаны жөнінде осыдан бір айдай уақыт бұрын хабарлаған едік, естеріңізде болса. Ол талай адамның өмірін жалмаған Эбола безгенінен тәжірибеден толық өтіп болмаған 19:32 вакцинасының көмегімен құлан таза жазылып кетті. Аталмыш вакцина тек жануарларға ғана қолданылып келген болатын. Осы дәріні қабылдаған адамдардың дені дертінен айығып кеткенін де айта кету керек. Тек испан христиан дін қызметкері Мигель Пахареске ғана ем болып қонбағанын, айналдырған аурудан ақыры көз жұмғанын есепке алмағанда.

 

0 пікір
Мұрағат