Дүкендерге мерзімі өткен азық-түлікті мұқтаждарға беруді міндеттейді
Дүкендерге мерзімі өткен азық-түлікті мұқтаждарға беруді міндеттейді
4 жыл бұрын 2436 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Австрия билігі ел аумағындағы азық-түлік пен тағам өнімдерін сататын дүкен қожайындарына мерзімі өткен азық-түлік пен тағам өнімдерін мұқтаждарға қолұшын созатын қайырымдылық қорларына тегін беруді міндеттейді. Аталмыш елдің жаңа министрлер кабинетінің 2020-2024 жылдарға арналған «Австрия үшін жауапкершілік» деп аталатын бағдарлама аясында осындай шара қарастырылып, қабылданды. Бұл шара өз кезегінде тағам өнімдерінің қоқысқа тасталуының, яғни, ысырапшылдықтың алдын алуға бағытталған. Бұл жайында орыстардың ТАСС ақпарат көзі аталған елдегі «Жасылдар» партиясы мен Австрия халық партиясының және министрлер кабинетінің коалициясына сілтеме жасай отырып хабар таратты. Аталған партиялар осы бағытта тағам өнімдерін өндірушілермен, азық-түлік және сауда, сондай-ақ, қайырымдылық қорларымен бірігіп жұмыс істейтін болады. Мерзімі өткен азық-түлікті қайырымдылық қорына бөлуді ұлттық үйлестіруші орталық жүзеге асырады. Аталмыш орталық өз кезегінде мерзімі өткен азық-түліктің залалсыздығын және сапасын тексереді. Австралиялықтар мерзімі өткен азық-түлік ысырапшылдығымен күресте осындай жүйені енгізген француздардың тәжірибесі негізінде әрекет етіп отыр.

0 пікір
Мұрағат