Дубайдағы туристерді тартудың тағы бір тәсілі
Дубайдағы туристерді тартудың тағы бір тәсілі
2 жыл бұрын 1271

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі туристерді тарту үшін қызмет көрсету сапасын жақсартып қана қоймай, тағы бір тың қадам жасады. Яғни, туристер үшін  Rolls Royce, Bentley, Ferrari, Lamborghini және AMG G Class Limo маркалы автокөліктерді такси ретінде пайдалануда. Бұл жайында Emirates 24/7 ақпарат порталы хабар таратты. Алайда, аталмыш акция желтоқсан айының 6-на дейін созылады. Ары қарай жалғасын табуы да мүмкін. Туристер осы таксилердің қызметін тегін пайдаланады. Мұндай автокөліктердің әрбіреуі кем дегенде 270 мың доллар тұрады. 

0 пікір