Дубайда ең жылдам жедел жәрдем жұртшылықтың назарына ұсынылды
Дубайда ең жылдам жедел жәрдем жұртшылықтың назарына ұсынылды
9 жыл бұрын 3254

Ukrautoportal.com ақпарат көзінің хабарлауынша жедел жәрдем көрсететін дәрігерлер ендігі жерде Lotus Evora арнайы көлігіне отыратын болады. GITEX көрмесінде аталмыш көлікті жұртшылықтың назарына ұсынған мамандардың айтуынша бұл жедел жәрдем көлігі әлем бойынша осы саладағы ең жылдам көлік болып табылады.  Автокөліктің жылдамдығына сағатына 296 шақырымды құрайды. Мұндай көліктің құны да қымбат: 160 мың доллар тұрады. Аталмыш автокөлікте жедел жәрдемге қажеттінің бәрі бар: оттегі баллоны, дефибриллятор, т.б. ескерілген. Жедел жәрдемге арналған мұндай автокөлік талай адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Дер кезінде көмек көрсетіп үлгеруге таптырмайтын құрал. 

0 пікір
Мұрағат