Дубайда ең ежелгі кисуа жұрттың назарына ұсынылды
Дубайда ең ежелгі кисуа жұрттың назарына ұсынылды
2 жыл бұрын 912

Рамазан айының құрметіне орай Дубайда ең ежелгі кисуа (қасиетті Қағба жабындысы) халықтың назарына ұсынылды. Көне жәдігер «Dubai Mall» сауда орталығында өтіп жатқан, «Antiq Khan al-Sham» галереясы ұйымдастырған «Ибрагимнің киелі құндылығы» деп аталатын көрмеге қойылған. Осман қағанатына тиесілі кисуаға 470 жыл толған. Осынау баға жетпес құнды мұра мұсылман әлемінің өнеріне қамқор болған Сүлеймен әл-Кавнуни сұлтанның тұсында жасалған.

0 пікір