Динозаврдан да алып жануардың қаңқасы табылды (фото)
Динозаврдан да алып жануардың қаңқасы табылды (фото)
9 жыл бұрын 6815

АҚШ-тың Вирджиния технология университетінің палеонтологтары Танзанияның оңтүстігінен динозаврлар дәуіріне дейін миллиондаған жыл бұрын тіршілік еткен аса ірі жануардың қаңқасын тапқанын жариялады. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Бұл қаңқа құстың немесе қолтырауынның арғы тегінің қаңқасы да болуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр ғалымдар арасында. Nundasuchus Songeaensis (грекше suchus – қолтырауын, суахилише nunda – жыртқыш, Songea – маңында қаңқа табылған қаланың атауы) жер бетінде осыдан 240 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Оның ұзындағы шамамен үш метрге жетеді. Тістері өткір. Ежелгі ет қоректінің дене тұрқы қолтырауынға ұқсайды, ал аяғы динозаврдікі секілді. 

Қаңқасының көп бөлігі сонау 2007 жылы табылған болатын. Алайда, қалған бөлігі осы уақытқа дейін табылмағандықтан ол туралы бірдеңе айтуға ерте еді. Араға жеті салып барып, толық қаңқасына қол жеткізген ғалымдардың сөзіне қарағанда, бұл жаңалықты жария етіп отыр. Мамандар аса ірі жануар қаңқасының түгелденгеніне қарап, өз гипотезаларын айта жатар. Біздің айтпағымыз, динозаврлар триас кезеңінің соңына таман – шамамен 225 млн жыл бұрын пайда болған. Осыдан 65 млн жыл бұрын мұз кезеңінде қырылып қалған.

0 пікір
Мұрағат