Діни мәселемен сотталғандар тірі шықпайды
Діни мәселемен сотталғандар тірі шықпайды
10 жыл бұрын 3409 uznews.net

Өзбекстанда діни мәселемен сотталғандардың жазасын өтеу мерзімі бітсе де тірі шығулары күмәнді, - дейді құқық қорғаушы Сурат Икрамов.

Өзбекстандағы тәуелсіз құқық қорғаушылар тобының жетекшісі Сурат Икрамов осындай фактілерді алға тартып отыр.

90-жылдары діни экстремизмге қатысы бар деген айыппен сотталған 12 мың адам жазасын өтеу мерзімі бітсе де әлі күнге дейін бостандыққа шықпаған. Мұндай іспен сотталғандар Ислам Каримовтың тікелей бақылауында болатын көрінеді. 

Ел үкіметі айыпталушыларды 10 немесе 20 жылға бас бостандығынан айырғанымен, уақыттың тез өте шыққанын байқамай да қалады. Бір жағынан ондай айыпталушыларды бастандыққа шығарса, тағы бір экстремистік топ жасақталып, жағдай ушығып кетер деген қауіп те жоқ емес. 

"Мынандай жағдай болған. Бір адам 15 жыл түрмеде отырады. Соңғы айларында ішкі тәртіпті бұзды деген айыппен тағы да мерзім қосылады", - дейді Икрамов.

0 пікір
Мұрағат