Дінаралық ауызашар
Дінаралық ауызашар
10 жыл бұрын 3021

Оңтүстік Африканың араб қоғамдастығының одағы Йоханнесбургте дінаралық татулыққа бастайтын ерекше шараны қолға алып, ауызашар берді. Осынау игі бастамаға наным-сенімі бөлек екі жүз адам қатысып, солардың ішінде христиандар мен индустар да бар, бірлік мен ынтымаққа жақындататын шара кезінде бір-бірімен мұсылманша амандасып жатты. «Біз бір дастархан басында отырып, наным-сеніміздің бөлек болғанына қарамастан ынтымақ үшін дұға етеміз»,- деді ауызашар мейманы Номатандо Присцилла.

0 пікір
Мұрағат