Дидье Франсуа: ИСИМ содырлары Құран оқымайды
Дидье Франсуа: ИСИМ содырлары Құран оқымайды
9 жыл бұрын 2684

Француз тілшісі Дидье Франсуа жалған халифатшы ИСИМ қанішерлерінің қолында 10 ай тұтқында болды. Дидье Франсуаның бағы бар екен, содырлардың жалаңдаған кездігінен ажал құшқан өзге әріптестерінің кебін кимей, өткен жылдың сәуір айында тұтқыннан босап шықты. Француз тілшісінің CNN ақпарат көзіне берген сұхбатында жасаған мәлімдемесі әлем қауымдастығын елең еткізген болатын. Оның айтуынша, ИСИМ баскесерлері өзара әңгімелерінде қасиетті Құран немесе ислам діні турасында жақ ашпаған көрінеді. Ол ол ма, олардың қолынан қасиетті Құран көрмегенін және Алла тарапынан түсірілген соңғы кітаптың бетін ашпайтынын да жайып салды. ИСИМ экстремистері тек саясат жөнінде әңгімелесетінін де жасырмады. Әсіресе, жергілікті әрі байырғы халық өкілдеріне, атап айтқанда, сириялықтарға және ирактықтарға асқан қатыгездікпен қарайтынын жеткізді. «Бізді дәретханаға апарып, алып қайтқанда оларды көріп қаламыз. Біз өз қанына малшынып жатқан адамдарды көрдік. Әлбетте, бізді де соққының астына алып, таяққа жықты. Бірақ, күн сайын емес. Мыңдаған сириялықты, ирактықтарды, ливиялықтарды және тунистіктерді қырып жатқанын көзіңмен көріп тұрып, олардың тұтқынында болудың қаншалықты ауыр екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», - деді сөзінің соңында.  

 

 

0 пікір
Мұрағат