Дәрігерлердің безбүйректігінен пациент жарымжан болып қалды
Дәрігерлердің безбүйректігінен пациент жарымжан болып қалды
2 жыл бұрын 758

Қытайдың Шэнь-чжэнь қаласындағы ауруханада зәр айдайтын несеп жолының бітеліп қалу сырқатына шалдыққан Вей Цзянминь есімді пациентке ота жасалады. Пациент наркоздан есін жиғанда дәрігерлер оған өміріне қауіпті болғандықтан сол жақ бүйрегін алып тастауға мәжбүр болғандарын жеткізеді. Алайда, әйелдің көңілінде күмән қалып қояды. Басынан бастасақ, оқиға былай болған: ойыншықтар шығаратын фабрикада жұмыс істейтін Вей Цзянминь тамыз айының 23-і күні іші ауырып, ауруханаға түседі. Ауруханада оған зәр айдайтын жолды тастан тазарту үшін ота жасалады. Пациент өзіне ота жасаудың түкке қажеті жоғына сенімді болғанымен дәрігерлер отасыз ем қонбайтынын алға тартып, әйелді пышаққа түсуге көндіреді. Бүйректі алып тастау турасында мүлдем әңгіме қозғалмаған. Десе де, пациент дәрігерлерден өзін тағы бір мәрте қайта медициналық тексеруден өткізуді немесе өзге ауруханаға ауыстыруды талап етеді. Дәрігерлер өз кезегінде отаны шұғыл жасамаса болмайтынын айтып, арам ойларын жүзеге асыру үшін әйелді дегендеріне көндірген. Пациенттің сол жақтағы бүйрегін неге алып тастағанын түсіндіруді талап еткен туыстарына дәрігерлер өзге ауруханаға анализ жасатуға жөнелткенін айтып, жалтара жауап бергені де күдік тудырғанын айта кету керек. Вей Цзянминь осы күдіктің негізінде полицияға шағымдануына тура келген. Тексере келгенде дәрігерлердің бүйректі ақша табу үшін өз мақсаттарына пайдаланғаны анықталды. Бүгінгі таңда Қытайда адам ағзасының саудасы қызып тұр. Өткен жылы белгісіз біреулер баланың көзін ойып алған болатын. Бұл елде ағза донорлығының тапшылығы қатты сезілуде. Нақтырақ айтқанда, трансплантациялау, ағза қондыру отасына жыл сайын 300 мың тұрғын кезекте тұрады екен.

0 пікір