Дәрігерлер израилдіктер оғынан қаза тапқан әйелдің құрсағынан шарананы аман алып қалды
Дәрігерлер израилдіктер оғынан қаза тапқан әйелдің құрсағынан шарананы аман алып қалды
10 жыл бұрын 3025

Газа секторындағы медициналық жедел жәрдем дәрігерлер бригадасы қала орталығындағы тұрғын үйге түскен бомбадан қаза тапқан аяғы ауыр әйелдің құрсағын жарып, шарананы аман алып қалды. Израилдіктердің оғынан қаза тапқан 23 жастағы Шама есімді келіншектің айы-күні жетіп, босанатын күні жақындаған болатын. Алайда, марқұм келіншекке сәбиін көруді жазбаған екен. Қираған үйдің үйіндісінен астынан тауып алып, «Шухада әл-Ақса» ауруханасына жеткізіліп, дереу ота жасаған. Қазіргі уақытта шарананың денсаулығы қалыпты.

 

0 пікір
Мұрағат