Дәрігерлер 18 жасар қыздың асқазанынан 4 келі шаш алды
Дәрігерлер 18 жасар қыздың асқазанынан 4 келі шаш алды
10 жыл бұрын 4398

«ҚазАқпарат» хабарлағандай, Қырғызстанның тумасы 18 жасар Айпері Алексееваның қарнынан салмағы 4 келі шаш шыққан. Бойжеткен сирек кездесетін «трихофагия» деп аталатын психикалық сырқатқа шалдыққан, сол себепті, ол өз шашын жеп, ақыры ота жасатуына тура келген. Дәлірегі, бойжеткен тек өз шашын ғана емес, сонымен қатар, өзгелердің қырқылған шашын да жеген екен. Денсаулығы сыр бер бермегенде бұл әрекетін жалғастыра берер ме еді, егер асқазанына түскен шаш қорытылмай, сырқаты жанына батып, ас ішуден қалмағанда. Асқазаны түйіліп ауырған науқасқа дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетпегенде аман қалуы да екіталай еді.

1 пікір
Мұрағат