Данияның халық партиясы мұсылмандарды елге кіргізбеуді ұсынды
Данияның халық партиясы мұсылмандарды елге кіргізбеуді ұсынды
8 жыл бұрын 1979 ansar.ru

Данияда ықпалы жағынан екінші орынды алатын «Халық партиясы» деп аталатын саяси бірлестік төрағасының орынбасары Серен Эсперсен мұсылмандарды елге кіргізбеу жайында ұсыныс тастады. Ол осындай қатаң шара арқылы терроризм қаупін азайтуға болады деп есептейді. Ол, сондай-ақ, арнайы қызмет пен шекара күзетінің құзыретін арттырып, қазіргідей алмағайып заманда мұсылмандарды 4 айдан алты айға дейін елгі кіргізбеуді ұсынды. Мониторинг жүргізудің тиімді жүйесі әзірленгенше. Мұнымен ғана шектелмей, осы елдегі ислам қауымдастығындағы тыңшылықты күшейтуді және терроризмді насихаттағандарды азаматтықтан айыруды да ұсынды.

0 пікір
Мұрағат