Дағыстанда ұлттық киім сәнге айналды
Дағыстанда ұлттық киім сәнге айналды
10 жыл бұрын 5410

Шілде айының 26-ы күні қабылданған Конституция күніне орай дағыстандықтар ұлттық киімді киюді әдетке айналдырған болатын. Мемлекеттік қызметкерлерге ұлттық киім кию міндетті. Ал, қарапайым тұрғындар өз еріктерімен бұл бастаманы қолдап, көшеге, қоғамдық орындарға, ресми орындарға ұлттық киіммен баруды әдетке айналдырды. Аталмыш бастама Дағыстан басшысы Рамазан Әбділәтіптің ұлттық мәдениетті жаңғырту туралы жарлығынан бастау алған еді. Дағыстандықтардың ұлттық киімі шариғат талаптарына толық сай келеді. Осылайша дағыстандықтар шариғат талаптарын сақтай отырып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге айрықша мән беруде.

1 пікір
Мұрағат