БҰҰ Мьянма билігінен рохиньялық мұсылмандарға заматтық беруді тағы талап етті
БҰҰ Мьянма билігінен рохиньялық мұсылмандарға заматтық беруді тағы талап етті
2 жыл бұрын 469

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы осы аптаның бас кезінде, яғни, дүйсенбіде Мьянма билігінен осы елдегі этникалық және діни азшылықты құрайтын, буддашыл радикалдар тарапынан қуғын-сүргін көріп отырған рохиньялық мұсылмандарға азаматтық беруді, осылайша олардың құқығының тапталмауын қамтамасыз етуді талап етті. Нақтырақ айтқанда, рохиньялық мұсылмандарды да будда нанымындағы азаматтар пайдаланып отырған білім алу, медициналық қызметтің игілігін көру құқықтарымен қамтамасыз етуді талап етті.  Қазіргі уақытта Мьянма билігі 1,3 млн адамға азаматтық беруден бас тартып отыр. Бирма билігі рохиньялық мұсылмандарға «бенгалдықтар» деген мәртебе беруді, осылайша оларды көрші жатқан Бангладеш елінен келген заңсыз мигранттардың қатарына жатқызуды көздейді. Бұл да азаматтық бермеудің бір қитұрқысы. 

0 пікір