БҰҰ «Боко Харамды» лаңкестік ұйым деп таныды
БҰҰ «Боко Харамды» лаңкестік ұйым деп таныды
10 жыл бұрын 3960

Өткен айда 200-ден аса оқушыны ұрлап әкетіп, әлі күнге босатпай отырғандықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы «Боко Харамды» лаңкестік ұйымдардың қатарына жатқызды. Барша ұлттың мүддесін қорғайтын ұйым Нигерияда лаң салып, бүлік шығарып жүрген «Боко Харамды» лаңкестік ұйымдардың қатарына жатқызғандықтан әлем жұртшылығы да ендігі жерде содырлардың сойқанына БҰҰ-ның шешімі бойынша баға беруі тиіс. 2009 жылдан бері «Боко Харам» содырларының қолымен жасалған лаңкестік әрекеттерден мыңдаған адам опат болған. Бейбіт тұрғындардың берекесін алып біткен «Боко Харам» содырлары соңғы уақытта білім беру ошақтарына жиі шабуыл жасап жүр. Мәселен, үстіміздегі жылдың ақпан айының соңында колледжге шабуыл жасап, 59 адамды қырып салған.

0 пікір
Мұрағат