Будда радикалдары тағы да қағынды
Будда радикалдары тағы да қағынды
10 жыл бұрын 3039

Кеше, яғни, шілде айының 2-і күні Мьянмада будда радикалдары мұсылман жамағатына шабуыл жасады. 300-ге тарта буддашылар (олардың 30-ы монахтар) жергілікті мұсылман тұрғынына тиесілі шайханаға тас жаудырып, ел аумағындағы үлкендігі жағынан екінші мешітке зақым келтірді. Сонымен қатар, мұсылмандардың үйлеріне залал келтірген. Мьянма билігі осы елдегі азшылықты құрайтын рохиниялық мұсылмандарды санатқа қоспай отыр. Яғни, ұлт ретінде, Мьянма азаматтары ретінде мойындамай отыр.

0 пікір
Мұрағат