Будда елінде тек бірыңғай әйелдерге арналған қоғамдық көлік
Будда елінде тек бірыңғай әйелдерге арналған қоғамдық көлік
5 жыл бұрын 1923 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шри-Ланканың көлік министрлігі ерлер тарапынан зорлық-зомбылықты азайту үшін тек бірыңғай әйелдерге арналған автобустарды жолға шығарды. Тек әйелдерге арналған автобустар алдымен ел астанасы - Коломбо қаласында жүретін болады. Бастапқыда шамамен 30 автобус пайдалануға беріледі. Ел билігі мұнымен ғана шектеліп қалмай пойыздарда тек әйелдерге арналған купелер ашпақ. Осылайша әйелдердің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етпекші. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірген дерекке қарағанда, шри-ланкалық әйелдердің 90 пайызы қоғамдық көліктерде зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын жасырмаған. Олардың 44%-ы ерлер тарапынан болатын зорлық-зомбылықтың отбасына, өзінің жеке өміріне залал келтіргенін жайып салған еді. 

0 пікір
Мұрағат