Бұдан былай Меккеге қажылыққа бір-ақ рет бара алады
Бұдан былай Меккеге қажылыққа бір-ақ рет бара алады
7 жыл бұрын 3373 Baq.kz centralasian.org

Осыған дейін қажылыққа және ұмраға барып келген Өзбекстан азаматтары 2017 жылдан бастап Меккеге қайта бара алмайды. Өзбекстанның діни істер жөніндегі комитетінің қажылықты ұйымдастыратын маманы Саидакмалхон Шакиров биылдан бастап жаңа тәртіп енгізілгенін мәлімдеді. 

Саидакмалхон Шакировтің хабарлауынша, 2017 жылдан бастап қажылыққа барушылар тізіміне тек бұрын-соңды бармаған азаматтар ғана ілінеді. Сол себептен егер осыған дейін Меккеге барған азаматтардың, тіптен он жыл бұрын барса да, кезегі келетін болса, автоматты түрде тізімнен алынады дейді Шакиров.

Алайда бұл ереженің қажылықты ұйымдастыру үшін сапарлайтын үкімет шенеуніктеріне және арнайы іс сапармен баратындаpға қатысы жоқ. «Жыл сайын қажылыққа барушылармен 8 аспаз және 30 дәрігер жүреді. Жаңа тәртіптің оларға қатысы жоқ», – деді Саидакмалхон Шакиров.

Ұмра Меккеге және Медина қалаларына баратын кіші қажылық. Мұнда адамдар кез келген уақытта бара алады. Ал қажылық шамасы келетін барлық мұсылмандар үшін міндетті болып саналады.

1 пікір
  • BQ
    Елімізде мемқызметшілерге жұма-намазға рұқсат бермейді, өзбектер қажылық санын шектеп, бұлай құқыларын шектесе, ертең Қияметте қалай жауап береді екен?
    7 жыл бұрын
Мұрағат