Британия қалаларында мұсылмандардың қарасы көбейіп келеді
Британия қалаларында мұсылмандардың қарасы көбейіп келеді
2 жыл бұрын 805

Британияның кей қалаларында мұсылман балалардың қарасы христиан балаларына қарағанда жылдам көбейіп келеді. Туу көрсеткішіне қарағанда, бұл елде нәсілі мен наным-сеніміне қарай демографиялық ахуал көп өзгерген. The Daily Mail ақпарат көзі хабарлағандай, 2011 жылы жүргізілген санақ нәтижесіне негізделген соңғы статистикалық мәліметтерден Ұлыбританияның халықтың шоғырлану деңгейі бойынша екінші орында тұрған Бирмингем қаласындағы 278 623 жастың 97099-ы мұсылман ретінде тіркелген. Ал христиан жастарының қарасы бұл қалада – 93828. Бэрдфорд шаһарында 52135 мұсылман бала бар, яғни, 45 пайыз. Осы қаладағы христиан баларының саны – 47144. Лестер елді-мекенінде христиан жастарына қарағанда мұсылман жастарының қарасы 5000 адамға көп. Лондон мегаполисіндегі Тауэр-Хэмлетс ауданында балалардың 62 пайызы мұсылмандар отбасында тәрбиеленуде.

0 пікір