Британия парламенті Палестина тәуелсіздігін мойындады
Британия парламенті Палестина тәуелсіздігін мойындады
10 жыл бұрын 2799

Британ парламентінде Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындау туралы қарар қабылдауға бастайтын дауыс беру рәсімі өтеді. Британия парламенті Палестинаның тәуелсіздігін мойындаған күннің өзінде осы елдің Палестина автономиясына қатысты ресми саясатын өзгерте алмайды. Өйткені, аталмыш құжат тек ұсыныстық сипатта болады. Бұрын Швеция Палестинаның тәуелсіздігін мойындайтынын мәлімдегені сол еді, Израил билігі осы елдегі елшісін кері шақырып алған болатын. Осылайша Швециямен қандай да бір дипломатиялық қатынас орнатудан бас тартқан болатын. Айта кетерелігі, батыс елдерінің көбісі Палестинаны тәуелсіз ел ретінде мойындамайды. Алайда, 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Палестинаға бақылаушы мемлекет мәртебесін берген болатын.

0 пікір
Мұрағат