Брендтер «қара жұма» аталып кеткен науқанға байкот жариялады
Брендтер «қара жұма» аталып кеткен науқанға байкот жариялады
4 жыл бұрын 2348 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шамамен 450 киім маркасі «Қара жұма» онлайн режимінде жаппай сату науқаны қарсаңында тұтынушыларға осы күні сауда жасамауға шақырып, оның орнына «Жасыл жұма» шарасына атсалысуға үндеді. Бұл жайында Fashion United ақпарат көзі хабар таратты. Осы мақсатта экологиялық таза тігін компаниясының негізін қалаған Николас Рораның жетекшілік етуімен Make Friday Green Again (Жұманы жасылға айналдырайық) деп аталатын тұтас қозғалыс ұйымдастырылды. «Қара жұмадағы» жаппай сату науқанына қарсы белсенділер басы артық қажетсіз тұтынудан бас тартып, онсыз да сын көтермейтін экологиялық ахуалды нашарлатпауға үндеді. Басы артық тұтыну шығын мен ысырапшылдыққа жол беріп қоймай, қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Пайда үшін артық өндіру мен артық тұтыну арқылы.

0 пікір
Мұрағат