Бразилияның футбол клубы өз жанкүйерлеріне арнап мола салады
Бразилияның футбол клубы өз жанкүйерлеріне арнап мола салады
9 жыл бұрын 3259

Сан-Паулу қаласының "Коринтианс" футбол клубы өзінің жанкүйерлеріне арнап мазарат құрылысын бастағалы отыр. Сүйікті ойыншысының қасына жерленгісі келетін азаматтар бірнеше мың долларға осы моладан алдын ала жер сатып ала алады. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

"Коринтианс мәңгілікке" деп аталатын мазарат Сан-Паулу қаласының сырт жағында орналасқан. Мұнда барлығы 70 мың адамды жерлеуге мүмкіндік бар.

Жанкүйерлермен бірге қайтыс болған даңқты футболшылар да осы моладан жай табады. Бұрындары қайтыс болып, өзге мазарға жерленгендерін қазып алып қайта жерлейміз дейді клуб басшылары.

0 пікір
Мұрағат