Бразилияда ислами инвестициялық қоры құрылады
Бразилияда ислами инвестициялық қоры құрылады
10 жыл бұрын 3256

Латын Америка құрлығындағы аса ірі Banco do Brasil SA банкі Таяу Шығыстағы және Азиядағы инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатыр. Аталмыш қаржы мекемесі осы айда шариғат талаптарына жауап беретін тікелей инвестиция қорын құрады. Қорда көптеген сала компанияларының, соның ішінде, тауар өндірісінің, энергетиканың, тау-кен өнеркәсібінің және бөлшек сауданың активтері шоғырланатын болады. Банк өкілдері өткен айда Біріккен Араб Әмірліктерінің, Сингапурдың және Гонконгтың инвесторларымен кездесіп, кеңескен екен. Олардың тәжірибесіне қанығып, 3 жыл бойы осындай қор құрудың жай-жапсарын, жөн-жосығын зерделеп қайтса керек.

0 пікір
Мұрағат