Бразилияда дәстүрлі исламды түсіндіру шаралары жүруде
Бразилияда дәстүрлі исламды түсіндіру шаралары жүруде
2 жыл бұрын 1335

Бразилиядағы мұсылмандар қауымдастығының федерациясы футболдан әлем чемпионаты басталғанда "Salam Brazil"  науқанын қолға алды. Аталмыш жоба бойынша әлемнің түкпір-түкпірінен ат арытып келген жүз мыңдаған жанкүйерге исламның толеранттылықты, әділеттілікті, татулықты, бейбітшілікті, ауызбіршілікті ту еткен асыл қырларымен таныстыратын болады.

«Сәлем Бразилия» осыдан алты жыл бұрын жүзеге асырыла бастаған, бразилиялықтарға түрлі дін тарату шаралары арқылы өзегінде ислам ілімін насихаттау мақсаты жатқан "Know Islam" жобасының бір бөлігі болып табылады»,- деді осы  осы федерацияда жұмыс істейтін мысырлық Ахмет Халаф. «Бұл жоба бойынша біз ислам дінін тек бразилиялықтарға ғана емес, сонымен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінен келген меймандарға да таратуды мақсат етеміз»,- деді ол сөзін толықтырып.

Футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқан бұл елде қанша мұсылман барын білмесек те, мешіттердің көптігі талай нәрседен хабар береді. Қазіргі уақытта Бразилияда 127 мешіт бар. Бұл көрсеткіш 2000 жылға қарағанда 4 есе көп.

0 пікір