Бразилия мен Нидерланды Индонезиядағы елшілерін кері шақыртып алды
Бразилия мен Нидерланды Индонезиядағы елшілерін кері шақыртып алды
9 жыл бұрын 2796

Бұған Индонезияда аталған ел азаматтарының есірткімен ұсталып, соған байланысты өлім жазасына кесілгені себеп болған. Бұл жайында Лента.ру ақпарат көзі Reuters ресурсына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Тарқатып айтқанда, ату жазасына кесілген Нигерия, Малави, Вьетнам, Нидерланды және Бразилия азаматтары мен жергілікті бір тұрғынына қатысты үкім қаңтар айының 18-і күні орындалды. Қаңтар айының 16-ы күні Бразилия президенті Дилма Роуссефф Индонезия басшысынан жазаны жұмсартуды сұраған екен. Алайда, Индонезия президенті бразилиялық әріптесінің өтінішін қанағаттандырмай, илікпей қойған көрінеді. Өлім жазасына кесілген бразиялиялық Марку Арчир Кардозу Морейра (Marco Archer Cardoso Moreira) 2013 жылы Жакарта әуежайында 13,4 келі кокаинмен қолға түскен болатын. Кезінде Индонезияны отар елге айналдырған Нидерланды өзінің Анг Кьем Соэй (Ang Kiem Soei) есімді азаматының заңсыз есірткі тасымалдағаны үшін өлім жазасына кесілгеніне байланысты осы елдің сыртқы істер министрі Берт Кендерс арнайы мәлімдеме жасады: «Бұл барып тұрған адамгершіліктен ада қатаң жаза». Өткен айда Индонезия президенті есірткімен қолға түскен алты адамға рақымшылық жасаудан бас тартқан болатын.

 

0 пікір
Мұрағат