Босқын мұсылмандар доңыз етін бермеуді талап етті
Босқын мұсылмандар доңыз етін бермеуді талап етті
10 жыл бұрын 2970

АҚШ-тың Миннесота штатында сонау жылдары Сомалиде орын алған азаматтық соғыстан бас сауғалап, мұхит асқан мұсылман босқындардың қарасы көп. Олардың тек бірен-сараны ғана тұрмысын түзеп, өркениеттің игілігіне қол жеткізсе, дені әлі күнге дейін кедейшіліктің қамытынан құтыла алмай келеді. Сомалилік мұсылмандар Миннеаполистегі тағам өнімдерінің қорын жинап, оны әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға тарататын азық-түлкі банкісінен көмек алады. Сомалилік мұсылмандардың дені хат танымайтындықтан доңыз еті араласқан тағам өнімдерін де тұтынып келгені белгілі болды. Осыған байланысты босқын мұсылмандар аталмыш штат билігінен азық-түлік банкінде халал тағам өнімдерінің қорын құруды талап етті.

0 пікір
Мұрағат