Бойжеткеннің ажалы телефоннан болды
Бойжеткеннің ажалы телефоннан болды
2 жыл бұрын 2182

Башқұртстанның Белебе қаласында 16 жастағы бойжеткен жуыну бөлмесіне өзімен бірге қалта телефонын алып кіріп, ток соғып өлді. Бұл жайында vesti.ru ақпарат көзі хабар тартты.

Қызы жуынатын бөлмеде әдеттегіден ұзақ уақыт бөгелгеніне алаңдаған анасы есікті бұзып кірген. Қызының жансыз денесінің үстінен түскен. Ресей Федерациясының Башқұртстан тергеу комитетінің республикалық басқармасы таратқан хабарламада айтылғандай, сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша бойжеткенді тоқ соққан.

0 пікір